Елбасымыз сыбайлас жемқорлықты ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қатерлердің бірі, әрі қоғам болып онымен күресуге шақырған болатын. Соған байланысты елімізде көптеген игі істер жасалынып жатыр. Солардың бірегейі – «Саналы ұрпақ» деп аталатын жемқорлыққа қарсы бастама.
№13 колледж "Sanaly urpaq" еріктілер клубы мүшелері, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің "Sanaly urpaq" жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген облыстық "Саналы ұрпақ-сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты жастар слетіне қатысып, арнайы сертификатпен марапатталды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Осы мақсатта колледж студенттері байқауда өздерінің белсенділігін көрсетті, сыбайлас пен жемқорлықты жойудың жолдары бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын қазылар алқасын жеткізді.