2 мәселе бойынша "Болашақ" дебаттық клубының жұмыс жоспары таныстырылды. 3 мәселе бойынша «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының ережесі талқыланды.
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ
Конкурс білімі, таланты мен дағдысының арқасында табысқа жеткен, ТжКБ ұйымдарының үздік студенттері мен жұмысшы біліктілікті насихаттау, талантты жастарды қолдау. Конкурстың міндеттері:
- ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау, марапаттау және жетілдіру;
- ТжКБ ұйымдарының білім алушыларын кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру;
- жеке және кәсіби өсудің тиісті бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды тарта отырып, мастер-класстар, тренингтер және курстар ұйымдастыру арқылы үздік студенттерді одан әрі дамыту үшін мүмкіндік жасау.