Жарияланған 29 October 2021

«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ»

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ" атты облыстық жастар форумы аясында өткен "Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы" интеллектуалды сайысының "Kahoot" квест ойындарына №13 колледжден қатысқан Құдайберген Балғынбек Байырбекұлы жүлделі ІІ орын иегері атанды. ІІІ курс "Дәнекерлеу ісі" мамандығы бойынша қатысқан Расул Орынбек "Мамандығым-мақтанышым" сайысы бойынша арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы ұйымдастыруымен «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ» атты облыстық жастар форумы Кентау қаласында орналасқан №7 колледжінде өтті. Облыстық форумға 19 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 70-студент жастар қатысты.

Мақсаты жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру. Жастардың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған форумда студенттердің идеялары, шығармашылық қабілеттерін арттыруы, жаңа ортаға бейімделуін, жан-жақты өзін көрсетуі мақсатталды.

Студент жастар «Мұрагер» квест ойындары, XXI - ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры "KAHOOT " ойыны, «Мамандығым-мақтанышым!» атты жас білім алушылардың өз мамандығы бойынша жетістіктерімен таныстыру, Жас білім алушылардың «Ұшқыр ой» сайыстарына қатысып, өз жобаларын қорғап, жаңашылдықпен таңқалдырып, өз білімдерімен бөлісті, іс-шара соңында студенттер Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы атынан дипломдарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.