Жарияланған 4 October 2021

"Ұстазым-ұлағатым"

№13 колледжде "Ұстаздар күніне" орай, "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенттері мен "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" біліктілігі бойынша білім алып жатқан І курс студенттерінің ұйымдастыруымен санитарлық нормаларды сақтай отырып, "Ұстазым-ұлағатым" атты тәрбие сағаты болып өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты жастарды ұстаздарды сыйлауға шақыру, ұстаз мәртебесін көтеру болып табылады. Тәрбие сағатты колледжіміздің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Шынаев Нуржигит Нурмагамбетович ашып берді. Өз сөзінде директор орынбасары, жастарды ұстаздарды сыйлауға, құрметтеуге шақырды. Іс шараға келген ұстаздар іс-шара соңында жақсы көңіл сыйлағандары үшін студенттерге алғыстарын білдірді.