3-4 маусым күндері Өзбекстан құрылыс министрлігінің ұйымдастыруымен Ташкент құрылыс колледжінің базасында халықаралық семинар өтті. Семинарға Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан Түркістан Көпсалалы-техникалық колледжінің және Түркістан индустриялық құрылыс колледжі және Келес ауданындағы 13 колледждің, мамандары семинарға қатысып тәжірибе алмасып қайтты. Колледжде WorldSkills Russia чемпионатының серіктесі «Технониколь» компаниясының соңғы үлгідегі құрылыс материалдарымен, құрал жабдықтарымен шебер-сыныптар өтті.
Өзбекстанның «Жоғары және орта кәсіптік білім» министрлігі жастардың білім алуына жауапты болса, халықтық білім министрлігі оның даму стратегияларын жүзеге асырумен айналысады екен, ал колледж тікелей құрылыс министрлігіне салалық-ведомстволық бағынышты екен. Инновациялық технологияның даму қарқыны өте жылдам жүріп жатқандықтан құрылыс саласындағы мамандар да жан жақты хабардар болып, өз шәкірттеріне білгенін үйретуге асығуда.
Өзбекстан құрылысшыларының көпшілігі шетелде жұмыс істеуге мәжбүр болатындығын және әрбір құрылысшының табыс табу мақсатында шетел асатын отандастарының санын азайтуды мақсат етіп қалада ірі құрылыс обьектілері көбейгендігі туралы құрылыс министрі айтып өтті.
Халықаралық қатынастың дамуына үлес қосу, құрылыс саласындағы білім сапасын арттыру, ғылыми практикалық конференциялар, семинар, шебер сыныптар, чемпионаттар өткізу үшін тәжірибе алмасу мақсатында №13 колледжі "Тігінші", " Аспаз","Автомеханик"," Дәнекерлеу ісі " мамандықтары бойынша әріптестік меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта екі елдің озық тәжірибелері болашақ жұмысшы мамандарды даярлауда үлкен септігін тигізеріне сеніміміз мол.