Жарияланған 18 October 2019

Түркістан облысы Адами әлеуетті іс-сапармен №13 колледжге келді

Бүгін, Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Қуатбекұлы Жолаев, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы және Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевтер арнайы іс-сапармен №13 колледжге келді.

Бүгін, Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Қуатбекұлы Жолаев, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы және Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевтер арнайы іс-сапармен №13 колледжге келді.

Іс-сапар аясында басқарма басшысы колледждің тыныс-тіршілгімен танысты. Колледж директоры Козыбаев Жаксылық Акылбекович келген басшыларға колледждің даму жоспарымен таныстырды. Ең әуелі ауладағы көгалдандыру жұмыстарымен, атап айтқанда арнайы сорттағы алма бау егетін жерді көрсетіп, оқу ғимаратына бет алды. Колледждің кітапхана қорымен танысып, ол жердегі арнайы пән кітаптары мен көркем әдебиет кітаптары жайлы хабардар болды. Екінші қабаттағы әдістемелік конферензалда болып, ол жердегі заманауй құрал-жабдықтар, жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істеп жатқан талшықты интернет желісі арқылы онлайн сабақтарының жұмысымен танысты. Оқу ғимаратынан шығып, шеберхана мен зертханаларды аралап көрді. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту сабағына кіріп көрді. Ол жерде студенттерге Киелі Түркістан қаласына жолаушылар көліктері аялдайтын аялдамалар салуға ұсыныс тастады. Қазіргі таңда "Еңбек" бағдарламасы аясында "Жас маман" жобасы жүзеге асуда. Сол жоба аясында колледжімізге келетін заманауй құрал-жабдықтардың 121106 2 "Арнайы тігінші" мамандығына арналған даму жоспарымен танысты. Басқарма басшысы Рақымбек Қуатбекұлы биыл облыстық "WorldSkills TURKESTAN" чемпионатының көрмесінде БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған "Ретроэлектромобильді" көріп, өз ризашылығын білдірді.

Басқарма басшысы Рақымбек Қуатбекұлы колледждің асханасы және мәдениет үйімен танысты. Мәдениет үйінде көркем өнерпаздар үйірмелерінің жетекшілері студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануда аянбай еңбек етіп жатқандығы жайлы және колледж асханасы заманауй жабдықтармен жабдықталған, ыстық тамақтар мен ас мәзірі санитарлық нормалар бойынша дайындалып жатқандығын, колледж басшысы түсіндіріп өтті. Жаксылык Акылбекович келген басшыларды жатақхана тыныс-тіршілігімен таныстыруға алып барды. Ол жерде колледж басшысы, жатақханада қазіргі таңда ыстық-суық сумен қамтамасыз етілген, бөлмелерге қажетті барлық жағдай жасалғаны туралы айтып өтті. Жатақханаға алдындағы алаңға арнайы ашық спорт алаңшалары салынатынын, ол алаңдар жастардың уақытын тиімді пайдаланып, әрі жастар ол жерде салауатты өмір салтын ұстанатынын жеткізді. Басқарма басшысы Рақымбек Қуатбекұлы студенттер үйіне керекті барлық жағдай жасауға тапсырма берді. Сапар соңында басқарма басшысы Рақымбек Қуатбекұлы №13 колледж директоры Козыбаев Жаксылык Акылбековичке және барша ұжымның жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.

Бізде басқарма басшысының әрбір жұмысы жастардың көңілінен әр-дайым шығатынына бек сенімдіміз!