Жарияланған 4 May 2021

«Жас тоқты қабырғасынан дайындалған «Каре» асы онлайн шебер сыныбы

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Әдістемелік орталықтың» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзіреттілігінің 2020-2021 оқу жылындағы жоспары бойынша 23.04.2021 жылы «№13 колледж» МКҚК базасында онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы облыстық Жас тоқты қабырғасынан дайындалған «Каре» тақырыбында онлайн шебер сыныбы болып өтті.

Шебер сыныпқа №11колледж, №18колледж, №12 колледж, №16 колледж, №14 колледж, №17 колледж , №13 колледж оқытушылары қатысты. Шебер сыныбты «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзіреттілігінің бас сарапшысы және №13 колледж директорының оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Дүйсенова ашып берді. Жоспар бойынша №13 колледждің өндірістік оқыту шебері Кенжебаева Замира Машарапқызы және арнайы пән оқытушысы Нурмаганбет Динара «Жас тоқты қабырғасынан «Каре» асы жайлы ақпарат берді. Замира Машарапқызы «World skills» халықаралық стандарт талаптарына сәйкес теориямен тәжірибені ұштастыра білді. Шебер сыныбқа қатысқан ұстаздар алғыстарын білдірді. №17 колледж өндірістік оқыту шебері Гаухар Бегалиева апай шебер сыныпты талдай келе өз деңгейінде «жақсы» өткендігін айтып өтті. №16 колледж өдірістік оқыту шебері Момынова Бақтыгүл апай өз сөзінде шебер сыныптың жақсы өткендігін және білімді де білікті маман екендігін айтып өтті. Облыстық «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзіреттілігінің бас сарапшысы «Шебер сынып «өте жақсы» өтті, №13 колледждің педагогтары жоспарланған жұмыстарын жүзеге асыра алды және өздерінің білікті де білімді маман екенін іс жүзінде көрсете білді» - деген пікір айтты. Әріптестерімізге сәттілік тілеміз.