«TALAP» КеАҚ ұйымдастыруымен Түркістан облысы колледж басшыларының орынбасарлары «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысының тиімділігі» 01.11. – 19.11.2021 жыл аралығында жаңа форматта біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Курс бағдарламасы колледждерде академиялық дербестік кезінде оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігі және сапасын арттыруға бағытталған.
Кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары бойынша колледждерде оқу-жоспарлау жұмыстарына өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретіні талқыланды. Курстан өту барысында теория мен практика ұштастырылған. Бағдарламаға сәйкес директор орынбасарлары курстың екінші аптасында әріптес колледждерде кәсіптік тәжірибеден өтудеміз. Жалпы курста алған тәжірибемізді өз кәсіби қызметімізде пайдаланамыз деп сенеміз.
Жұмысшы маман даярлауда өндіріс пен оқу орындарының интеграциясы - қазіргі заман талабы! Колледждердің оқу процесіне белсене қатыса отырып, өзімізге қажетті маман дайындаймыз. Жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бірлесіп құрастырып, болашақ жас мамандардың сапалы білім алуына атсалысудамыз. «Talap» КЕАҚ ұйымдастырып жатқан ТжКБ мазмұнын өзектендіру, жаңғырту ісіне де қатысып, тәжірибелі мамандарымыз біліктілігін арттыруда.
«Talap» КЕАҚ мемлекеттік тапсырманы іске асыру шеңберінде ТжКБ жүйесінің педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізудің жаңа форматын сынақтан өткізуде. Курстық оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында педагогтер екінші аптадан бастап кәсіпорындар мен серіктес ұйымдардың базаларында практикалық оқытуға кірісті. Колледждегі оқу процесімен айналысатын педагогтерге оқытылатын бейін бойынша практикалық тәжірибе алу мүмкіндігі әрдайым берілмейді, алайда, тыңдаушылардың бейне- және фото-материалдары ұсынған пікірлер бойынша курстардың жаңа форматының арқасында практиканың бірінші күнінен бастап педагогтердің практикаға деген ынтасы мен қызығушылығы сезіледі.
Практика мазмұнды өтіп, алынған тәжірибе педагогтер үшін нәтижелі болады, ал оқыту нәтижелерін педагогтер өздерінің кәсіби қызметіне енгізеді деп үміттенеміз.