Жарияланған 26 October 2021

"Мейірім" еріктілер клубының белсенділігі

"№13 колледж" МКҚК-ны "Мейірім" еріктілер клубы мүшелері жаңадан салынып жатқан Келес аудандық орталық мешітінің тазалық жұмыстарына көмек беріп қайтты. Тазалық шарасына колледж студенттері мен жастар ұйымының жетекшісі Мамбетов Ербол мен еріктілер тобы мешітте тазалық шарасына белсене қатысты.

Игі шара барысында Абай ауылының бас имамы барлық ерікті топ мүшесіне ризалық білдіріп, алғыс айтты. Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. «Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ескерсек, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы керек екенін ұғынып, мешіт ауласына шырша көшеттерін, тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру-көркейту ісіне бір кісідей бірлікпен көмектесті.