Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы №13
колледж МКҚК мен Қазақастан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жасаған "Sanaly
urpaq" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үлгілік
жоспарының 2 бөлімі 2.1; 2.2 тармақшасына сәйкес, колледж қызметкерлерін
"Sanaly urpaq", "Adaldyk alany" жобалық кеңсесі өкілдері, ҮЕҰ өкілдерімен, арнайы мониторингтік топпен және ағартушылық насихаттау штабының өкілдерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру", "ҮЕҰ-н деректер қорына тіркеу" тақырыптарында кездесу болып өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күннің күрделі мәселесіне айналып отыр. Осы орайда, семинарда «Келес – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері және жастармен, жеке құраммен жемқорлыққа қарсы сананы дамыту және патриоттық сезімді барынша бойына сіңдіру тақырыбында сөз қозғады. Ал, сыбайласжемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлыққа жол бермеуі, оны қоғам дерті деп қабылдауы, оған қарсы ұғымдар, түсініктер, теориялар мен көзқарастар қалыптастыру болып табылады. Бұдан бөлек семинар барысында қатысушыларға әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары мен заманауи механизмдері жеткізілді. «Жемқорлық еліміздің, қоғамның және барлық саланың дамуына кедергі болатын, болашағына кері әсерін тигізетін індет. Оған осы бастан тоқтау қоймасақ, баршамыздың өсіп-өркендеуімізге кепіл жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмыстарын өткізудің маңызы зор», – деді жобалық кеңсенің жастары. Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарымен бөлісіп, жауаптарын алды. Сондай-ақ, жемқорлықтың одан әрі құлаш жаймауына өз үлестерін қосуды және оған тосқауыл болу басты міндет екенін түсінді.