Дөңгелек үстелді №1 колледж директорының өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Сағындыков және №13 колледж директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Дуйсенова ашып берді. Олар тақырыптың өзектілігін атап колледждер туралы және олардың жеңіл өнеркәсіпті дамытуға қосып жатқан үлесін атап кетті.
Бірінші сөзді №13 колледж арнайы пән оқытушысы Қонысбаева Жазира «Жаһандық бәсекеге қабілеттілікте қазіргі заманғы технологиялардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында колледждің қазіргі жағдайы студенттердің жетістіктері жайлы айтып өтті.
«Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің дамуы және оған жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулар» тақырыбында №1 колледждің өндірістік оқыту шебері Ушибаева Гулнара баяндама жасады. Өз баяндамасында ҚР жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайымен статистика мәліметтеріне баса назар аударды. Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамытуға жасалып жатқан жағдайлар, жеңіл өнеркәсіпті қолдау қорлары мен олардың жұмыс істеу бағыттары атап өтілді. Баяндама соңында жеңіл өнеркәсіпті дамытудың негізгі бастаушы күші болған әлеуметтік серіктестік туралы айтып қазіргі таңда №1 колледжбен бірігіп жұмыс жасап отырған әлеуметтік серіктестер туралы видеороликті назарға ұсынды.
№13 колледждің өндірістік оқыту шебері Калбаева Улбике «Жеңіл өнеркәсіпті дамытуда – әлеуметтік серіктестермен қарым- қатынас» тақырыбында видеороликпен таныстырды.
ОҚУ колледж оқытушысы Сабденова А: барлығы жақсы өткендігін айтып әріптестерге сәттілік тіледі.
№1 колледж әдіскері Абдихаева А: Тақырыптың ауқымды екендігін, қазіргі Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі жағдайдың алға жылжуында ТЖКБ ұйымдарының ролі үлкен екенін, болашақ қазіргі жас ұрпақтың қолында екенін атап өтті.
«Сән технологиясы» құзыреттілік орталығының бас сарапшысы Жанна Пернебаевна: Дөңгелек үстел жоғары денгейде өтті, баяндамашылардың оқыған баяндамалары өте қызықты әрі ауқымды болды. Бұл арқылы сіздер өздеріңіздің қаншалықты жұмыс жасап жатқандарыңыз жайлы көрсете білдіңіздер. Дөңгелек үстелді жасаудағы мақсатымыз колледждер арасындағы байланысты жақсарту, өзара тәжірибе алмасу болатын. Меніңше бұл мақсат орындалды- деді өз сөзінде Жанна Пернебаевна.