Жарияланған 20 September 2021

«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты бейне фильм көрсетілді.

Тәуелсіздік алғалы еліміз биік белестерді бағындырып, қарыштап дамып келеді. 30 жыл ішінде Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылды. Айтулы тарихи кезеңнің маңызды жетістіктерінің бірі – қазақстандықтардың жаңа буыны қалыптасты. Бүгінгі Тәуелсіздік ұрпақтары – белсенді, білімді, жан-жақты және олардың патриоттық рухы жоғары.

Студенттерді кәсіби тұрғыдан шыңдап, адамгершілік қасиеттерді сіңіре отырып азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында  №13 колледжде Тәуелсіздік  жылдарында  табысқа  қол  жеткізген  жас  қазақстандықтардың  жетістіктерін    танымал  ету   бойынша «Тәуелсіздік  ұрпақтары» атты бейне фильм  көрсетілді.