Жарияланған 26 May 2021

«Желбіршек, желбіреуіш, желбірлерді өңдеу және бұйымға қосу»

«Желбіршек, желбіреуіш, желбірлерді өңдеу және бұйымға қосу» тақырыбындағы облыстық өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларына арналған онлайн шебер сынып болып өтті.

19.03.2021 жылы Түркістан облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, «Сән технологиясы» құзіреттілігінің  жұмыс жоспарына сәйкес №13 колледж МКҚК-ның өндірістік оқыту шебері Куттыбаев Алия апай ZOOM платформа арқылы «Желбіршек, желбіреуіш, желбірлерді өңдеу және бұйымға қосу» тақырыбында облыстық өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларына арналған онлайн шебер сынып өткізді. Аталған онлайн шеберлік сабаққа 25 тен аса мұғалімдер қатысты.  Онлайн шебер сынып оқушыларды Халықаралық «World skills» байқауының «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша дайындаудың тиімді жолдарын көрсету арқылы, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілді. 
Өндірістік оқыту шебері А.Құттыбаева жоспарланған мақсаттарына жетті. Жаңа тақырыпты түсіндіруде Желбіршек, желбіреуіш, желбірлерді өңдеп және тігіп көрсетті. Слайд арқылы демонстрация жасап, теория мен практиканы ұштастыра отырып, іс-жүзінде түсіндіріп өтті. Технологиялық нұсқау карталарын пайдалана отырып, слайдтар арқылы түсіндірді.
«Сән технологиясы» құзіреттілігінің бас сарапшысы Жанна Пернебаевна сабақты талдай келе, сабақтың өз деңгейінде өткендігін  және  сапалы дайындалғанын атап өтті. Шебер сынып, ZOOM программасына қосымша You tube каналы арқылы тікелей трансляция жасалды.