Күн тәртібінде:
1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі және колледжбен байланысы» Әлеуметтік педагог; Ж.Мұртазаева
2. "Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ" тренинг-Педагог-психолог А.Майлибаева
3. Ата-ананың балаға деген махаббаты.
Баяндама.Топ жетекшісі:Ж.Қонысбаева
«Бала тәжірибесіндегі ата -ананың рөлі және колледжбен байланысы».
Әлеуметтік педагог; Ж.Мұртазаева: Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлімі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс-шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымында зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған,отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз ата-ана. Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу, оның үйренуіне көмектесуге берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау. Істеген ісін ұқыпты,тындырымды орындауына бағыт беру. Жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру.
Балаға теріс әсер етеді:
Жанұядағы жанжал. Үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы.
Баланың көзінше басқа біреуді сөгуі. Баланың көзінше арақ ішу.
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалады. Сондықтан. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту. Тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру. Табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту. Дұрыс білім алуына жағдай жасау. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
2 мәселе бойынша педагог-психолог Айнұр апай былай деді Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ата – ананың алақаны балаға саялы бақ » деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы
болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
Топ жетекшісі Қонысбаева Жазира апай өз сөзінде: Адамдар арасындағы қарым-қатынастар адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып терең тамырлануы ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата анасының жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап құрметтеуіне инабат тағылымының үлкендерден үйрене отырып олардың өздеріне деген қарым қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруына байланысты.