Колледжіміздің әлеуметтік-педагогы Муртазаева Жансұлу Кенжеқызы өз сөзінде ата-аналардың өз балалары алдында жауапты екенін, бала тәрбиесіне уақытты көбірек бөлу керектігіне назар аудартты. Жастар істері жөніндегі инспектор Мамбетов Ербол Әбдіманапұлы білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндігін көрсету және құқықтық сауаттылық жайында ақпараттар берді. Ербол Әбдіманапұлы сөзінде «Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез - құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, құқықтық сананы тәрбиелеу міндетті іс екенін атап өтті.
Колледжіміздің медбикесі Серикбаева Қыздығой жастардың денсаулығы басты назарда екенін, 18 толғаннан кейін жастарға вакцинация қабылдау керектігін айтып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді