«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша «Киімді құрастыру» пәнінен «Тік белдемше негізінің сызбасын жасау» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Нысанова Жадыра онлайн ашық сабақ өтті.
Zoom платформасында өткен ашық сабағына №13 колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері және облыстық ТжКБ ұйымдарының мамандары қатысты. Адамның мәдениеттілігін киімінен де байқауға болатынын, өзінің талғамына қарай киіне білуге, өз-өзіңе жарасымды киімдер үлгісін тандай білу керектігін түсіндіріп өтті. Қажетті құрал – жабдықтар арқылы темір сызғыш, үшбұрышты сызғыш, масштабты пішу сызғышы, лекало, ТМ, ТМ2, карандаш, өшіргіш, миллиметрлік қағаз,калькалармен жұмыс жасады. Өлшемдерін алып өлшеп слайдтар арқылы көрсете білді. Конструкция сызбасаларын, көлденең және тік сызықтардың жиынтығын білім алушыларға сыздырып, сұрақ-жауаптар, сөзжұмбақтар жасырып белсенділіктерін көрсетті.