Мақсаты зерттеудің негізгі бағыттарымен таныстырып, білім алушылардың білім сапасын арттыру. ZOOM платформасында әдістемелік орталықтың әдіскері Сердалиева Айнур жүргізіп, «PISA халықаралық зерттеуі» туралы жалпы түсінік берді, әдіскер Тәжібаева Қарлығаш «PISA халықаралық зерттеуінің негізгі бағыттары» жайында айтып, функционалдық сауаттылықтың формаларын түсіндірді. №18 колледждің әдіскері Құлжан Сәлімбек «PISA зерттеуіндегі математикалық сауаттылық» тақырыбында баяндамасын оқып, экраннан слайдтар арқылы тапсырмаларын көрсетті. №13 колледждің директорының ақпарттық технологиялар жөніндегі орынбасары Оразимбетов Сакен «PISA-ның функционалдық сауаттылығының құзіреттіліктері мен дағдылары» тақырыбында баяндамасын жасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды және оның құзіреттілігін, дағдыларын демонстрация жасап, слайд арқылы көрсете білді. Оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде де, қандай да бір практикалық және тероиялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін арттыруды түсіндірді.