Фестиваль жаттықтырушылары біз үшін интерактивті бағдарлама дайындаған, оның барысында біз тек жаттықтырушыларды тыңдап қана қоймай, тапсырмаларды орындап, ойын ойнап, оқу процесіне толықтай қатысудамыз Белсенді қатысқан студенттерге қызықты тақырыптардан басқа, көптеген сыйлықтар бар екен.
Бүгінгі болған онлайн-фестиваль бағдарламасында:
«Медиа сауаттылық дегеніміз не? Медиа өрісі және ақпараттық көпіршік» т тақырыбында керемет ақапараттар беріп өтті. СПИКЕР: Жаңылай Базарбай
«Киноның көрерменге әсері: Авторлық кино немесе жаппай көрерменге арналған кино ма?» тақырыбы бойынша жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарға спикер Карлыга Хасен өте керемет жауаптар келтірді.
Спикер: Анар Шамшадинова «Буллинг—бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі» тақырыбында нақты мысалдарды слайдтармен жастардың бойында буллингтен аулақ болуға шақырды.
«Жарнама саласындағы медиасауаттылық» тақырыбында Айсұлу Шайкенова ханым интернеттегі жаранамалық сауаттылықтар және ежелгі жарнамалық әдістер туралы кеңінен тарқатып берді.
Спикер Турар Инаят «Желідегі қарым-қатынас ережелері» тақырыбында тың дүниелермен бөлісіп өтті.