Жарияланған 16 June 2021

Құрметті мектеп бітірушілер, талапкерлер және ата-аналар!!!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдауды "№13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 25-маусымнан бастап, egov порталы және College SmartNation ақпараттық жүйесі, тікелей колледжге келу арқылы құжаттар қабылданатынын еске саламыз

 Жаңа 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдаудың жаңа форматта өткізілетінін ескере отырып, талапкерлер мен олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жандандыру мақсатында №13 колледждің www.keleskolledj.kz сайтында және Abai Kolledj Keles Aýdany әлеуметтік парақшасында https://www.instagram.com/abaikolledj/?hl=ru Instagram желісінде және https://www.youtube.com/.../UCys5NTMM.../featured youtube каналында қабылдау науқанын жүргізу бойынша еgov порталы және College SmartNation ақпараттық жүйесінің нұсқаулықтары, инфографикалары мен видеороликтер орналасқанын ескертеміз. "№13 колледж" МКҚК www.keleskolledj.kz сайтының виртуалды қабылдау комиссиясы, call-орталықтың, колледж директорының блогы, виртуалды ассистент жұмыс жасап жатқанын және оқуға қабылдау бойынша кез-келген сұрақтарға жауап беруге дайын.