Бірінші болып Тарих пәнінің оқытушысы Раймкулов Бекболат сөйлеп, Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғаларын ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізгені туралы баяндама оқып, слайд арқылы көрсетті. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі Оразимбетов Сакен "Жасанды интеллектінің дамуы" жайында баяндама оқып, түсіндіріп өтті. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап дамып жатқанын, сенсорлар (sensors) саласындағы жетістіктер роботтарды үй шаруашылығындағы тірліктен бастап аса ауқымды міндеттер атқарып жатқанын, олардың қоршаған ортаны жақсы қабылдау мен оған әсер ету қабілеттерін айтып өтті.