балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында тақырыптық өнер байқауларын өткізу, ауыл ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, сахнаға жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу, өнердің тылсым сырын үйретіп, шығармашылықтың шыңына жетелеу, балғын жүректердің армандарын орындап, өмірлік қолтаңбаларын қалдыру, өнерпаз шәкірттерді баулыған ұстаздарға қолдау көрсету, оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында №13 колледжде санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, әлеуметтік ара қашықтықпен колледж ауласында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі болып өтті. Іс-шараны колледжіміздің директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашып берді. Мың бұрылған бишілер би мен шашу шашса, ежелгі ауылдың көшін бастап келген абыз ақсақалдар тойға арнаған баталарын берді. Жастар жағы ұлттық би мен ән айтып көрермен көзайымына айналды. Іс-шараны Ескендір Хасанғалиев атамыздың әні «Атамекен» әнін хор ұжымы өз деңгейінді орындап шықты. «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалін қорытындылау үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» директоры Ешенқұлов Бақытжан мырза сөзге шығып, жастарға ыстық ықыласын білдірді. Фестивалды ұйымдастырушылар – Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы»