2021 жылы 23-24 тамыз күндері Түркістан облысының әдістемелік орталығының «Техникалық және кәсіптік білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық қызметкерлердің арасында «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы өткізілді.
Конференция «Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім. Технология. Тәжірибе» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына, «Еңбек нарығының заманауи тенденциялары - кәсіптік білімді жаңартудың қозғаушы күші» директор орынбасарларына, «ТжКБ беру үрдісінің сапасын арттыруда педагогтің кәсіби құзырлығы» тақырыптарында педагогтарға арналған секциялық отырыстары түрінде ұйымдастырылды. Конференция «ZOOM» платформасында өтті.
Конференция мақсаты: Педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін дамыту, 2021-2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру, ТжКБ білім беру ұйымдарының академиялық дербестігін енгізуге мүмкіндік беретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен, оқытудың жаңа тәсілдерімен таныстыру.
Конференцияға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» бөлімінің басшысы Рустемова Айгүл Жакипбаевна және бас маманы Нәлжігітова Рысалды Онғарқызы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директор орынбасарлары және педагогтері тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын мәлім етті. Секциялық отырыстар презентация- баяндаманы тыңдау, сұрақ-жауап, өзара диалог, пікірталас түрінде өтті.
Тамыз кеңесінің панельдік сессиялардың жұмысына өз қызметі мен бағыттары бойынша «ТжКБ беру үрдісінің сапасын арттыруда педагогтің кәсіби құзырлығы» тақырыбында ұйымдастырылды. Модератор Жунисова Назым Досжановна, Түркістан облысы әдістемелік орталығының ТжКБ бөлім басшысы жүргізіп отырды. Облыс педагогтары оқытудың жаңа тәсілдері, педагогтердің әдістемелік құзыреттілігі, педагогикалық қоғамдастықта озық бағыттарын талқылап әдіс алмасты. Қашықтықтан оқыту жағдайында ТжКБ жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инновациялық үдерістер мен ТжКБ беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы педагогтің цифрлық сауаттылығы арттыруда баяндамалар оқылып, презентацияларын қорғады. №13 колледждің директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Оразимбетов Сакен Есбердиевич «Google формалары мен веб-сервистердің қолданудың тиімділігі» тақырыбында өз баяндамасын жасап, оқушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету үшін көп мүмкіндіктерге ие және оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс бере алатын негізгі құралдардың бірі екен түсіндіріп өтті. Веб-сервистер тарау аяқталғанда бөлім бойынша және жарты жылдық, жылдық жиынтық бағалау өткізуде өте қолайлы құрал және тест жұмыстарын (бір дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаптармен) сәйкестендіру тапсырмаларын өткізуге, оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша жазба жұмысын жаздыруға, бақылау жұмыстарын орындатуға ыңғайлы құрал болып табылатынын презентация арқылы түсіндірді.