17-қараша "Халықаралық студенттер күні" мерекесіне орай №13 колледжде студенттер кеші ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін айтулы мерекенің бірі – Студенттер күні. Жастар бұл күнді асыға күтеді. Осыған орай биылғы жылдың мерекесі де өз ерекшелігімен орын алды.
Студенттер күнінің өзіндік тарихы бар. Бүгінде бұл күн көңілді жастық шақ пен романтиканың күні болғанымен мұның тарихында көңілсіз жайттар жатыр.
Тарихи деректерге сүйенсек, 1939 жылы 28 қазан күні фашистер басып алған Чехословакияның студенттері мен ұстаздары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына жиырма бір жыл болғанын атап өту үшін шеруге шыққан. Басқыншы бөлімдер шеруді басып тастап, сонымен бірге медицина факультетінің студенті Ян Оплеталды атқан.
1939 жылы 15 қарашада Яна Оплеталды жерлеу рәсімінде студенттер қайтадан наразылық танытқан. Шеруге шыққандардың көбі қамауға алынып, 17 қарашада таңертең студенттік жатақханаларды қоршаған. 1200-ден астам студент ұсталып, Заксенхаузендегі концлагерьлерге қамалған. Студенттік қозғалыстың тоғыз белсенді студенті Рузина атты прагалық ауданда түрме қабырғасында сотсыз дарға асылған.
Арада біраз уақыт өткен соң 1946 жылы 17 қарашада Прагада өткен чехиялық студент-патриоттардың құрметіне болған Бүкіләлемдік студенттер конгресінде бұл күн Халықаралық студенттер күні болып белгіленген.
Міне, қайратты мінез, жігерлік пен жастық шақтың мерекесі – Студенттер күнінің шығу тарихы осындай. Алайда бұл мереке жағымсыз оқиғалармен бастау алғанымен, бүгінгі күні жастар осы бір күнді ерекше сән-салтанатпен атап өтеді.