Дана халқымыз «Сәуір болмай-тәуір боламайды» деп сәуір келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы дәстүрдің жалғасын жалғастыру мақсатында №13 колледж қызметкерлері колледж ауласын тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алды. Тағы бір сөзінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл – ата салтымыз әрі ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы», – деді.
Осыған орай, "Тәуелсіздікке 30 жыл – 30 таза аула" атты апталық сенбілік іс-шаралар жоспары аясында, Парасаттылық мектебінің мүшелері және колледж қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Таза аула» атты сенбілігі болып өтті.