«Өзін-өзі басқару» ұйымының мақсаты мен міндеттері:
Жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру.
Міндеттері:
1. Жастардың отансүйгіштік қасиетін дамыту;
2. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді дербес жүзеге асыруына жағдай жасау;
3. Жастардың қоғамдық, шығармашылық, инновациялық бастамаларын қолдау;
4. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;
5. Жастардың ұйымдастыру қабілеті мен іскерлік белсенділігін қалыптастыру;
6. Жаһандану жағдайында мәдениет, ілім-білім саласында заманауи үрдістерге сай үздіксіз даму әрекеттерін жүзеге асыру;
7. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау.
Іс-шараны колледждің Жастар ісі жөніндегі инспектор Мамбетов Ербол Әбдіманапұлы жүргізді. Кездесуде «SAMRUK» өзін -өзі басқару ұйымы студенттік парламент Президенті болып ІІІ курс, №29 топ, "Сандық ақпаратты қайта өңдеу маманы" мамандығының студенті Құдайберген Балғынбек жастардың бірауыздан қолдауымен сайланды.
Білім және ғылым министірі- Мейірман Айдана 3 курс "Тігін өнідірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенті.
Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрі –Турғанбаева Аружан 2 курс " Тігін өнідірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенті.
Денсаулық сақтау министрі- Түзел Жібек 3курс "Тігін өнідірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенті.
Мәдениет министрі- Амангельдиева Сабина 3 курс ""Сандық ақпаратты қайта өңдеу маманы" мамандығының студенті.
Әділет министрі-Нұрлыбайқызы Нұрбибі 3 курс Тігін өнідірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенті.
Спорт министрі- Толабеков Асқар 2 курс «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенттері сайланды.