Жарияланған 1 July 2024

"Жолың болсын ЖАС МАМАН!"

Келес ауданы Абай ауылында орналасқан «№13колледжде» “Жолың болсын, ЖАС МАМАН!” атты бітіруші топтарға диплом беру салтанатты жиыны аталып өтілді.


Салтанатты шараға бітіруші топ студенттері, ата-аналар, мұғалімдер қатысты.
Аталған шарада колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тілеп, диплом табыстау рәсімін жалғастырды.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, колледж қабырғасын имене аттаған студенттер ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя колледжімен қоштасты.
Биылғы 2023-2024 оқу жылында колледжде 451 студент білім алса, бүгінде олардың ішінен 229 студент қанат қағып оқу орнын аяқтады.
Сонымен қатар, колледжде қоғамдық шараларға белсене араласқан студенттер, бала тәрбиесіндегі еңбектері үшін ата-аналарда Алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған шара студенттердің колледж мұғалімдеріне деген арнауларымен, көңілді көңіл-күймен жалғасты.
ЖОЛДАРЫҢЫЗ БОЛСЫН, ЖАС МАМАНДАР!
"Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан" деп данышпан Абай хакім айтқандай, өмірде өз орындарыңызды тауып, табысты еңбектеріңізбен ел қажетіне жарай беріңіздер!
АҚ ЖОЛ!