Жарияланған 29 August 2024

2024-2025 оқу жылында №13 колледжге талапкерлерді қабылдау мақсатында талапкерлермен әңгімелесу жүргізілді.

2024-2025 оқу жылында №13 колледжге талапкерлерді қабылдау мақсатында талапкерлермен әңгімелесу жүргізілді. Талапкерлерді оқуға қабылдау eGov.kz электронды үкімет порталы, SmartNation порталы (college.snation.kz) арқылы және тікелей колледжге келу арқылы құжаттар қабылданды. 28 – 29 тамыз аралығында 2024-2025 жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс негізінде талапкерлермен әңгімелесу кестеге сай жүргізілуде. Әңгімелесу барысында қабылдау комиссиясының төрағасы Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы, қамқоршылық кеңестің мүшесі Иляс Ерболат талапкерлерге сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынаев Нұржігіт студенттерге колледждегі ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып өтті.