2023-2024 оқу жылын қорытындылап, емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында №13 колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы колледж педагогтеріне жиын өткізді.
Жиынға "AMANAT" партиясының Келес аудандық филиалы төрағасы Жұмабеков Ахмет Абдраманұлы қатысты. Ахмет Абдраманұлы педагогтерге емтихан кезіндегі академиялық адалдықты, жастардың бойына адалдық қасиеттерін дамыту керектігі жайлы айтып өтсе, колледж басшысы Жақсылық Ақылбекұлы: «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру.
Акция аясында колледждің білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті.
Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді: ұсыныстар мен ескертулер үшін «Сенім жәшігі» бар, оған студент өз сұрақтары мен пікірлерін жібере алады, стендтерде тиісті үгіт-насихат плакаттары ілінген.