Жарияланған 18 November 2022

«ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – КОЛЛЕДЖ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ»

2022 жылдың 15 қараша күні №13 колледжде «Жұмыс берушілермен ынтамақтастық – колледж дамуының негізі» атты Жұмыс беруші күні өтті. Ауданымыздың жұмыс беруші кәсіпкерлері, әлеуметтік-серіктестер мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және БАҚ өкілдері қатысты.

2022 жылдың 15 қараша күні №13 колледжде «Жұмыс берушілермен ынтамақтастық – колледж дамуының негізі» атты Жұмыс беруші күні өтті. Ауданымыздың жұмыс беруші кәсіпкерлері, әлеуметтік-серіктестер мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және БАҚ өкілдері қатысты. «Жұмыс беруші күнін» өткізу мақсаты – жұмысшы кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. Келген қонақтарды күтіп алып, колледж ұжымының шығармашылық көрмесін тамашалап, арнайы пән оқытушылары мен шеберлері дайындаған «Шеберлік сыныптарын» көрсетті және жұмыс берушілер студентермен кездесті. Кездесу барысында жұмыс беруші тарап бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір өңіріндегі еңбек нарығындағы ең керекті мамандықтардың өзектілігі туралы толық ақпарат беріп, өздерінің кәсіпорындары мен жұмыстары туралы және бүгінгі таңда студенттер үшін ашылатын мүмкіндіктер жөнінде әңгімеледі.

Жұмыс берушілермен ынтымақтастық – колледж дамуының негізінде дөңгелек үстел басында пікір алмасты. Жұмыс берушілер мен колледж арасында байланысты нығайтып, жас жұмысшы кадрларды дайындауда өндірістік практикадан кәсіпорында өткізуге, кәсіпорын базасында жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Шара соңында колледжбен тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс жасаған кәсіпкерлер мен кәсіпорындар марапатталды.