Жарияланған 16 November 2022

«ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ»

№13 коллджде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 15 қараша «Жұмыс беруші күні» деп белгілеуіне байланысты №13 колледж әкімшілігі мен әлеуметтік серіктестер арасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Мақсаты «Экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату».

№13 коллджде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 15 қараша «Жұмыс беруші күні» деп белгілеуіне байланысты №13 колледж әкімшілігі мен әлеуметтік серіктестер арасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Мақсаты «Экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату». Іс-шара барысында қонақтарға «Колледж ұжымының шығармашылық көрмесі» атты танысу экскурсиясы ұйымдастырылып, «Кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңы болып өтті. Диалогты колледж басшысы Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы жүргізіп отырды. Колледждің конферензалында директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Турсунбаев Ержан Нұрманұлы ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлерді қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілермен таныстыру және түсіндіру» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелде академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, Worldskills қозғалысын дамыту, колледждерде қатаң белгіленген оқу мерзімін жою, мемлекеттік мақсатты тапсырысты орналастыру, студенттерді жұмысқа орналастыру және т.б тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Қ.Турумбетов «Жұмыс берушілермен ынтымақтастық –колледж дамуының негізі» атты баяндама жасады. Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздер барысында екі жақты меморандум мен келісімдерге қол қойылды. Оқу ағарту министрі А.Аймағамбетовтың және Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Д.Болатханұлының алғыс хаттарымен үздік жұмыс берушілер марапатталды. Колледж басшысы Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы жиынға қатысқан кәсіпкерлер «Умаров Н.Д» ЖК басшысы Н.Д.Умаров, «Алдияров А.А»ЖК басшысы А.Алдияров «Даму» СТК басшысы К.Сергазиева, «Жаңа қоныс» ЖШС басшысы Қ.Тұрымбетов, «Есенбек ата» ШҚ басшысы А.Е.Есенбеков, «Давлатбаев К.К» ЖК басшысы К.Давлатбаев, «Агро белес – 2017» ЖШС басшысы Қ.Тұрымбетов, «Тыныбек» ШҚ басшысы Н.Ахметов, «Мейрамбек» ЖК басшысы М.А.Балғабай, «Ерманова К.Е» ЖК басшысы К.Е.Ерманова, «Кенжебек» ШҚ басшысы А.Нақыпбеков, «Кенес» ӨК басшысы Б.Б.Сарсенов, «Умирзак» ШҚ басшысы М.А.Умирзақов, «Темур» ЖК басшысы Т.Д.Аскаров, «FLY MARKET»ЖШС басшысы Е.К.Апетов, «KUN-AI KZ»ЖШС басшысы Акжигитов, «Байтерек АБ» ЖШС басшысы А.Ерназаров, «Sinooil АЗС-3» ЖШС Абайдағы басшысы Е.Т.Бегимбаев, «Санаторий Алтынай» ЖШС басшысы Ж.Сатаев, «Ажике» ШҚ басшысы А.К.Таджиханов, «Өтебай» ЖШС басшысы С.Байболов, «Жеңіс» ШҚ басшысы З.Б.Омарова, «Сері-Еркін» ЖШС басшысы С.Тургунбаев, «Усман-ата» ШҚ басшысы И.Аликулов, «Конарбаева Б» ЖК басшысы Б.Конарбаева, «Адабашев Ш.И» ЖК басшысы Ш.Адабашев, «Усенбаев А.Б» ЖК басшысы А.Б.Усенбаев, «Шахар»ШҚ басшысы Д.Т.Салимбаев, «Ауес» ӨК басшысы Е.Базарбаев , «Медетова С.Х» ЖК басшысы С.Х.Медетова, «Ошақты» ӨК басшысы М.Кожагуловтарға колледж әкімшілігі тарапынан алғыстарын білдірді.