Референдум арқылы мемлекетіміздің негізгі құжаты Конституциямызға демократиялық принцптерге негізделген өзгертулер енгізіліп, оның заңды жалғасы ретінде Мемлекет басшысы алдағы 20 қарашаны Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауы өтетін күн ретінде белгіледі.
Референдум арқылы мемлекетіміздің негізгі құжаты Конституциямызға демократиялық принцптерге негізделген өзгертулер енгізіліп, оның заңды жалғасы ретінде Мемлекет басшысы алдағы 20 қарашаны Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауы өтетін күн ретінде белгіледі.
Осы орайда, еліміздің ең ірі саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары бірігіп, Халықтық коалиция құрып, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Кандидатты қолдау бойынша еліміздің әрбір өңірінде халықтық коалицияның қоғамдық штабтары құрылып, өз жұмысын бастап кетті.
Бүгін республикалық қоғамдық штаб мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Әбдрахманұлы Абдрахманов, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтханұлы Айтаханов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ПУЛАТОВ Шерзод Аббозович, бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Біржан Жақыпұлы ЖАҚЫПОВ, танымал журналист, блогер және тележүргізуші Нұрсұлтан ҚҰРМАН киелі Түркістан өңірі, соның ішінде жаңадан құрылған Келес ауданындағы қара шаңырақ 13 колледжге келді. Республикалық штаб мүшелерін колледж басшысы Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы күтіп алды. Негізгі мақсат аудан жастарымен кездесу.
Кездесуге облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық штаб мүшелері, №13 колледж студенттері мен аудан жастары қатысты.
Кездесу барысында республикалық қоғамдық штаб мүшелері жиынға қатысушы жастарға халықтық коалиция ұсынған ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың бастаған реформалары мен жастар саясатына және алдағы 7 жылға бағытталған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталып, сайлауға қатысудың маңыздылын түсіндіріп, әрбір елім деген жас жанұясына, көршілері мен жолдастарына бүгінгі жиындағы мәселелерді жете түсіндіру қажеттігін айтты.
Аудан жастары атынан сөз алған AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы «Jastar Ruhy» Жастар қанатының жетекшісі Нариман Мархабай «Бұл сайлау тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Сол себепті сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың құқығы мен парызы деп ойлаймын. Еліміз үшін, ертеңгі болашақ үшін өте маңызды күн 20-қарашада өзім секілді әрбір жас бұл сайлауда белсенділік танытуы тиіс. Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші –жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынылып жатқанда, «Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидат басып, жастар саясаты түбегейлі қайта қаралып жатқанда еліміздегі рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп жетілетініне сенімім мол.
Біз 21 жылдан кейін қайта құрылған Келес ауданының жүрегінде Елім деген патриоттық сезімі бар жастары өз таңдауымызды жасап, еліміздің болашағы үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс береміз» - деп, ең бастысы аудан жастары елдік істерге белсене қатысуға дайын екенін жеткізді.
№13 колледж студенттері атынан сөз алған колледждің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 3 курс студенті Гулмамедова Зарина Изетовна «Мен Азербайжан ұлтының өкілімін, биыл сайлауға алғашқы рет қатысып, 20 қараша күні елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауымды жасаймын. Бұл мен үшін үлкен бақыт. Өйткені Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматшасы ретінде елімнің келешегі үшін, Жаңа да Әділетті Қазақстан құруға дауыс беруге қатысамын. Болашақта мемлекетіміз дамыған елдің қатарына қосылып, өсіп өркендеуіне мен нық сенемін! Себебі Қасым-Жомарт Кемелұлының "Маған өз елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құныдылық жоқ" деп айтқан аталы сөзі жүрегімде жатталып қалды. Еліміздің әрбір азаматы өз құқығын пайдаланып сайлауға бір үйдің баласындай келіп қатысады деген ойдамын. Болашаққа бірге қадам басып, алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс беріп, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық жастар!» - деп ұран тастады. Кездесу соңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Әбдрахманұлы колледж басшысы Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлына арнайы кітап силады.
Кездесу соңында республикалық штаб мүшелері жастармен естелікке суретке түсті.