19.04.2023 жылы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілік орталығы және Д.Құрманбек атындағы № 20 колледждің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Халықаралық AGROSKILLS стандарттарына сәйкес «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша «Үздік механизатор –2023» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылығы мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, соңғы өндірістік технологиялардан хабардар білімалушыларды анықтау.
Аталған байқауға №13 колледждің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан студентіміз Акимов Муротжан Улугбекович қатысты. Әділ қазылардың шешімі бойынша жеңімпаздар байқау шарттарының орындалу барысында жиналған бағалардың орта есебі арқылы анықталып, студентіміз Акимов Муротжан Улугбекович жүлделі І – ші орынды иеленді. Жеңімпаз студентімізге және команданы бастап барған жетекшісі Мухамеджанов Бақберген Ахметұлына колледж әкімшілігі алғыс білдірді.
Байқаудың міндеттері:
озық тәжірибелерді насихаттау, жинақтау және тарату;
кәсіптік оқыту педагогтерінің кәсіби деңгейін көтеру;
студенттерді қолдау, ынталандыру және мадақтау;
колледж студенттерінің шығармашылық қабілетін арттыру;
студенттердің рухани-адамгершілік, мәдени келбетін қалыптастыру және мәртебесін көтеру.
Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Бұл белгілі бір тұлғаның мінез-құлқының, ұмтылысының, тілегінің және өмір салтының айнасы. Әдетте, бұл маңызды шешім жас кезде, мектеп қабырғасында оқып жүрген шақта қабылданады.Бүгінгі таңда сол мамандығын жаңылыспай тауып келген студенттердің өз шеберлігін шыңдайтын кез келді