Жарияланған 5 May 2023

Киелі Түркістан қаласында 2023 жылдың 24 - 28 сәуір аралығында Worldskills Turkistan

Киелі Түркістан қаласында 2023 жылдың 24 - 28 сәуір аралығында Worldskills Turkistan - 2023 облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңі болып өтті.

Киелі Түркістан қаласында 2023 жылдың 24 - 28 сәуір аралығында Worldskills Turkistan - 2023 облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңі болып өтті. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дәстүрге айналған кәсіби шеберлік чемпионатына облыстың әр өңірінен 33 құзіреттілік бойынша 214 қатысушы қатысып, олардың жұмысын бағалауға 214 сарапшы тартылды. Үш күнге созылған жарыс өз мәресіне жетті. Нәтижесінде «№13 колледж» МКҚК 9 құзыреттілік бойынша, 9 студент бақ сынады. Нәтижесінде, 2 күміс, 1 қола, 2 «Үздік маман иесі» ерекше медалёнін жеңіп алды.

- «Шанақты жөндеу» құзіреттілігі бойынша Аманбек Нұрбол Асқаржанұлы Жетекшісі: Бекбаев Нұрлыбай, ІІ орын, күміс медаль,

- «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша Толабеков Асқар, жетекшісі Тұрлыбеков бақытжан «Үздік маман иесі» медалён,

– «Сән технологиясы» құзіреттілігі, «Этноспорт» бағытындағы дефилеге қатысып Гулмамедова Зарина, Жетекшісі: Конысбаева Жазира Альханқызы І орынмен марапатталды.

-«CAD Инженерлік графика » құзыреттілігі бойынша Ералхан Жасұлан Алтынбекұлы жетекшісі Давлатбаев Курбанбек Калдибаевич жүлделі ІІ орын күміс медаль,

-«Желілік әкімшілік және жүйелік әкімшілендіру» құзіреттілігі бойынша Жорабай Бекарыс Бағланұлы жетекшісі Зульпухарова Гүлжан Жолдасбековна ІІІ орын қола медальмен марапатталды. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жеңімпаздарымызға Білім басқармасы басшысының арнайы дипломы мен қаржылай сертификаттар табысталды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Колледжіміздің абыройын асқақтатып, чемпиондарымызды баптаған жетекшілерге алғыс айтамыз!

Алдағы уақытта білім алушыларымыз бен әріптестерімізге толағай табыстар тілей отырып, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!Білім мен бірліктің тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелер күндер көп болғай!