Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедрасының жоспарына сәйкес «Сән технологиясы», «Сәндік қолөнер» құзыреттілігі бойынша ресурстық орталығына қатысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында «Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі» МКҚК базасында «Шебер қолдар» байқау көрмесі өткізілді.

«Шебер қолдар» байқау көрмесіне 14 колледждің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Көрмені Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледжінің директоры А.Абпазов және Техникалық және кәсіптік білім беру кафедрасының әдіскері С.Баймуратов сөз алып көрмеге қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Көрме барысында түрлі жанрдағы жасалынған бұйымдарды колледждердің арнайы маман жетекшілері таңыстырып отырды. Нәтижесінде көрмеге қатысушы жетекші мамандар орындар мен номинациялармен марапатталып, арнайы сертификаттар берілді.
Байқауға колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Қалбаева Ұлбике қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Байқаудың мақсаты арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру, соңғы өндірістік технологиялардан хабардар мамандарды анықтау. Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліліктерін шыңдау және дамыту.