Жарияланған 29 June 2023

WorldSkills

2023 жылғы 29 маусымда «№13 колледж» МКҚК-да, 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 3W07230102 «Арнайы тігінші» біліктілігі бойынша бітіруші түлектеріне қорытынды аттестаттауды WorldSkills стандарттары негізінде 3 модуль бойынша «Сән технологиясы» құзіреттілігі аясында демонстрациялық емтихан өткізді. Түлектердің жұмысын бағалау үшін студенттерді кәсіби даярлауға, білім беру бағдарламаларына құрастыруға, нақты өндірістік жағдайларда іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға әлеуметтік серіктестер тартылды. Демоемтихан тапсыру барысында студенттер сарапшыларға өздерінің кәсіби шеберліктерін, білім деңгейі мен дағдыларын көрсетті.

Бағалауға кәсіпорынның қызметкерлері түлектің дайындық сапасына және оның емтиханда көрсеткен дағдыларына көз жеткізіп, CIS жүйесінде критерийлер бойынша ұпайларының нәтижелерін шығарды. Қорытынды бойынша демонстрациялық емтихандарды сәтті тапсырған студенттер құзыреттілік паспортын алды.