Жарияланған 29 June 2023

WorldSkills стандарты аясында демоемтихан

№13 колледжде 26-27 маусымда 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 3W07161301 «Автомобиль жөндеу слесары» бойынша WorldSkills және кәсіптік стандарттары негізінде демонстрациялық емтихан өткізілді. №33 «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша 3 модульден тұратын тапсырмаларды орындады. Заманауи әдістер мен технологияларды игере отырып, жоғары білікті мамандарды даярлауда инновациялық жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде. Сонымен қатар, білім алушыларға өндірістік жағдайларға жақын, меңгерілген кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Студенттердің жұмысын бағалау үшін білім алушыларды даярлауға, түлектердің іскерліктері мен дағдыларын көрсетуге дайындық үлесін арттыруға қатысқан әлеуметтік серіктестер тартылды.