Жарияланған 29 June 2023

«ТАЗА СЕССИЯ-2023» АКЦИЯСЫ

2022-2023 оқу жылын қорытындылау емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдыналу мақсатында №13 колледжде «Таза сессия-2023» акциясы өтуде. «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру.

Акция аясында колледждің білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді: ұсыныстар мен ескертулер үшін «Сенім жәшігі» бар, оған студент өз сұрақтары мен пікірлерін жібере алады, стендтерде тиісті үгіт-насихат плакаттары ілінген. №13 колледж әкімшілігінен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Гүлнар Сабырқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсене атсалысуға, сондай-ақ сапалы білім алу құқықтары аясында «Таза сессияны» қадағалап, әділдік іздеуге шақырды.

Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер! Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері туралы келесі телефондар арқылы хабарлайаласыз:

Байланыс сымтетігі: 3-01-16

Ұялы +77785735598