2024 жылдың 20 маусымда Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты №13 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын-ала қорытындыларын талқылау бойынша ашық кеңес өтті.
Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің өкілі, кәсіпорын басшылығы мен мекеме қызметкерлері қатысты. Кеңес барысында тиісті талдамалық анықтама дайындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың қорытындылары талқыланды.