Жарияланған 28 November 2022

СТУДЕНТТЕР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ.

Бүгін №13 колледжде 17 қараша Халықаралық Студенттер күні мерекесіне орай "Студенттік өмір қызықты көңіл" атты іс-шара ұйымдастырылды.

Бүгін №13 колледжде 17 қараша Халықаралық Студенттер күні мерекесіне орай "Студенттік өмір қызықты көңіл" атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Айбек Әмреқұлұлы және №13 колледж МКҚК директорының орынбасары Нұржігіт Шынаев ашып беріп, мерекемен құттықтай отыра студенттерге оқуда сәттілік тіледі.

Студент кез келген оқу орынның жүрегі һәм көркем келбеті. Студенттік өмір адам өміріндегі қайталанбайтын керемет шақ. Осы шақты абыроймен өткізулеріңді тілеймін! - деді Айбек Әмреқұлұлы.

Іс-шара әрмен қарай студенттерге "Студенттік билет" табыстау рәсімімен және студенттер ұйымдастырған ән шашу және керемет билерімен, өнерлерімен жалғасын тапты. Іс-шара барысында өнер көрсеткен студенттерге Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы атынан арнайы алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс шараға белсенді қатысқан студенттерге колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлының қолдауымен арнайы сыйлықтар табыс етілді. №13 колледждің жатақханасында жататын студенттерге арнайы Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Айбек Әмреқұлұлы тоңазытқыш тарту етті.