№13 колледжде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес
№13 колледжде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, колледж жастарына "Деструктивті діни ағымдар-қоғам дерті" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Келес ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог-маманы Аширбаев Қалдыбек, Сатыбалдыұлы Имамберді мешітінің найб имамы Налибаев Сапар және Келес ауданы орталық мешітінің жастар істері бойынша сектор меңгерушісі Жартыбаев Жеңіс ағайлар келді. Кездесудегі мақсат жастардың өзге ағымға еріп кетпеуге насихаттау, деструктивті діни ағымдар-қоғам дерті екенін ұғындыру. Сөздің алдын Келес ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог-маманы Аширбаев Қалдыбек мырза алғашқы сөзді бастап: "Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді.
Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды.
Адам санасын улайтын деструктивті ұйымдардың басты қаупі – бұл ортаға сенім білідіріп келген адамның дербес ойлана алу, сын көзбен қарау, өз бетінше шешім шығара алу, қалаған өмір салтын таңдау қабілеттеріне шектеу қойылады. Яғни азаматтың жеке бас бостандығы мен құқықтарына қол сұғу орын алады.
Деструктивті діни топтардың ықпалына түскен адамдардың бойында мынадай типтік белгілер кездеседі:
– діни тақырыпқа әсіре әуестенушілік;
– ата-анасына бағынбау, істерін теріс көру;
– өзіне тән емес бөтен және оқшау пікірлер айтып, оғаш қылықтар көрсету;
– өзінен-өзі тұйықталу;
– тамақтану тәртібінің бұзылуы;
– үй кітапханасындағы әдебиеттердің орнын басқа сипаттағы кітаптармен толықтыруы;
– еш себепсіз үйінен жиі кетіп қалу;
– отаншылдық сезімге, өз елінің төл мәдениетіне, салт-дәстүріне, ата-бабасына мысқылдап қарау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуден қалу;
– араласып жүрген адамдарына, отбасына, достарына, кәсібіне қарым-қатынасының өзгеруі; " деді.
Дөңгелек үстелге келген қонақтарға жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.