Жарияланған 16 February 2024

“СЕНБІЛІК - ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ”

10.02.2024 жылы “Сенбілік - тазалық кепілі” атты жаппай аудандық сенбілік өтті. Тазалық шарасына колледждіміздің «МЕЙІРІМ» еріктілер клубы мүшелері атсалысты. Қоршаған ортаны таза ұстау әр азаматтың парызы. Өлкемізде көктемнің нышаны білініп, айналамыз көгалдана бастады. Табиғаттың әсем көрінінісін бұзатын ол қоқыс.

Ауыл тұрғындары өздері тұратын тұрғын үй жайларының аумағын тазалап, арық-атыздар қазылды. Жиналған тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы белгіленген орынға тасталды.