Жарияланған 16 February 2024

"Ең үздік топ-2024"

"Ең үздік топ-2024" интеллектуалдық байқауы. Бүгін №13 колледжде жастар істері жөніндегі инспектор Е.Мамбетовтың ұйымдастыруымен "Ең үздік топ-2024" интеллектуалдық байқауы болып өтті.

"Ең үздік топ-2024" интеллектуалдық байқауы. Бүгін №13 колледжде жастар істері жөніндегі инспектор Е.Мамбетовтың ұйымдастыруымен "Ең үздік топ-2024" интеллектуалдық байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты білімалушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту колледждегі білім берудің беделiн көтеру. Аталған білім додасына жалпы пәндер математика, физика, информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, биология, химия пәндерінен және логикалық, викториналық сұрақтардан білімалушылар бақ сынады. Өз мамандықтарының шеберімін деп белсене қатысқан байқауға әр мамандық бойынша 10 студент қатысты. Нәтижесінде өз білімдерін дәлелдеп шыққан топтар жеңімпаз атанды.