Жарияланған 16 February 2024

КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 35 ЖЫЛ

Келес ауданында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға №13 колледж қызметкерлері мен "Жас сарбаз" ӘПК мүшелері қатысып ардагерлермен естелік суретке түсіп қайтты. Салтанатты шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, Түркістан облысы Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері Одағының төрағасы, «Аманат» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ахмет Жұмабеков, Аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев, Келес аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы, Келес аудандық Ауғанстан және локальды соғыс ардагерлері мен мүгедектері Одағының төрағасы Нұрлан Қилыбаев, Келес және Сарыағаш аудандарының біріктірілген қорғаныс басқарма басшысының орынбасары, полковник Қазаков Батырхан және Ауған соғысы ардагерлері қатысты.

Меркелік шара ардагерлер аллеясында бастау алып, ескерткіш монументке гүл шоқтары қойылды. Қаза болған ардагерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Аудан имамы ардагерлердің рухына құран бағыштады.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шара Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің көрермен залында жалғасып, «Келес сазы» этно фольклорлық ансамблі

«Боздақтар» әнімен бастап берді. Сонымен қатар «Самғау» вокалды-инструменталды ансамблі және мәдениет үйі әншілері өнер көрсетті.

Ауған соғысы ардагерлері туралы бейнематериал көрсетілді. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің алғыс хаттары мен Аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары, сондай-ақ атаулы күннің естелік белгілері табысталды.

🎖️Ic шараның мақсаты: Студенттерге Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз бепiлген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігiн үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есiмдерiн қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.