Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қай қоғамда да оның мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғайтын үрдістер үстемдік етеді. Қоғам мүшелері арасындағы келісімге негізделген бұл шарттар адамзат тарихында әртүрлі әдет- ғұрып, дәстүрлер, заң актілері, Ата заң ретінде көрініс тауып келеді. Қазіргі ұғымдағы Ата заң алғаш рет 1787 жылы АҚШ-та дүниеге келді. Қазақстан Республиканың Конституцияның- бұл еліміздің басты саяси- құқықтық құжаты. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясы негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді. ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата заң аясында алтын дала — Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда,әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!