Күз бір өзі келген жоқ. Өзімен бірге білім күнін ерте келді. Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш
Күз бір өзі келген жоқ. Өзімен бірге білім күнін ерте келді. Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Жаз бойы демалған студенттер үшін колледжіне, ұстаздарына, бір курста оқыған құрбы достарына деген сағыныш. Білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып нұр құятын білім ордасы ол №13 колледж. Бүгін колледжімізде «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт!» атты салтанатты сап түзеу болып өтті. Салтанатты мерекелік шараны колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы құттықтау сөздерімен ашып берді. Келес ауданының ардагерлер кеңесінің мүшесі Байымбетов Оралбек Наушатович ұстаздар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап ыстық лебіздерін білдірді. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Гүлнар Сабырқызы студенттерге өзінің жүрек жарды тілектерін білдіріп өтті. Салтанатты жиында білім күні мен ҚР Конституция күніне арналған баяндамалар оқылып, жастардың әнімен әрлене түсті. Іс-шара барысында 1 курсқа қабылданған білім алушылар ортаға шығып барша білімалушылармен сәлемдесіп, естелікке суретке түсіп, салтанатты жиынға келген қонақтар мәз-мерам болып тарқасты.