Жарияланған 27 September 2023

ОТАН-ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ!

№13 колледжінің 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Келес ауданы прокуроры Ильяс Абикеев және Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы Т.Садыровтардың қатысуымен «Отан-отбасынан басталады!» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.

№13 колледжінің 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Келес ауданы прокуроры Ильяс Абикеев және Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы Т.Садыровтардың қатысуымен «Отан-отбасынан басталады!» тақырыбында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ 3 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ :

1. Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы»

Заңына сәйкес атқарылатын іс-шаралар туралы.

2. «Жастардың түнгі уақытта жүрмеуі туралы».

3. Түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөзге шыққан Келес ауданы прокуроры Ильяс Абикеев қазіргі кездегі колледж студенттері мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау туралы баяндама жасап, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 12-тарау, 111,112-баптарының І-тармағы туралы оқушыларға түсіндіріп өтті. Онда 111-бапта ата-аналардың және заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөнінде міндеттерді орындамау, 2-бап І-тармағында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (түнгі сағат 22-00ден таңғы сағат 6-00ге дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша 111-бапта көрсетілген ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеуге әкеп соғады. Ал енді қылмысқа барған білімалушыларға өзгеге дене жарақатын жеткізу, өзгенің мүлкін ұрлау, қорқыту тағы да басқа қылмыстық іс-әрекеттері үшін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екендігін ескертті. Қорытындылай келе аудан прокуроры колледж қабырғасында немесе колледжден тыс жерде заңсыз көшбасшы, қылмысқа бейім колледж білімалушылары немесе басқа да тұлғалардың тарапынан ақша жинау, қорқытып тонау және басқа да заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда жасөспірімдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында мобильді топ құрылғанын айтты.

Колледждің тәрбие істері жөніндегі орынбасары Н. Шынаев студенттерге арнайы психологиялық зерттеуден өткізіліп тәрбиесінде, мінез-құлқында ауытқуы бар балалар анықталмағанын айта келе, ата-аналарға балаларын сабақтан тыс уақытта колледжде ұйымдастырылған спорт, өнер үйірмелеріне және түрлі бағыттағы клубтарға қатыстыруға шақырды.

2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы Т.Садыров барша ата-аналарыға балаларының жаман әдеттер мен құқық бұзушылықтан, қылмыстан аулақ болуға шақырды.

Күн тәртібіндегі түрлі мәселелер бойынша сөз сөйлеген ата-аналар комитетінің мүшесі Зайрова Қатира анамыз: Қазіргі уақытта жалпы колледж студентері мен жасөспірімдер арасында түнгі мезгілде жүру фактілері жиілеп, төбелес, ұрлық сияқты қылмыстар көбейіп тұрғанын айтты. Сондықтан осындай жағдайларды болдырмау үшін прокуратура мен ішкі істер органдары және колледж педагогтары бірлесе жұмыс жасап жатқандығы бізді қуантады. Колледжде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, анықтау және болдырмау, түрлі тәртіпсіздіктерді түпкілікті жою мақсатында осындай жиындардың берері мол екенін айтып өтті..

Жиналысты қорытындылаған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Шынаев қазіргі кезде колледжде мобильді топ құрылып, жұмыс жасап жатқанын және оның балалар көп шоғырланатын жерлерде (ойынхана, кафе, саябақ) кесте бойынша рейдтер жүргізіп жатқандығын жеткізіп, білімалушыларға сабақты жақсы оқу, ата-ананың айтқанын орындау және құқық бұзушылыққа бармау жөнінде бірқатар мәселелерді айтып өтті.