№13 колледжінің 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторларымен бірлесіп жиналыс болып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ:
№13 колледжінің 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторларымен бірлесіп жиналыс болып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ:
1. Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы»
Заңына сәйкес атқарылатын іс-шаралар туралы.
2. «Жастардың жолда жүру ережелері туралы».
3. Түрлі мәселелер.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөзге шыққан колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Шынаев.қазіргі кездегі колледж студенттері мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау туралы баяндама жасап, білімалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 12-тарау, 111,112-баптарының І-тармағы туралы оқушыларға түсіндіріп өтті. Онда 111-бапта ата-аналардың және заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөнінде міндеттерді орындамау, 2-бап І-тармағында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (түнгі сағат 2200-ден таңғы сағат 600-ге дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша 111-бапта көрсетілген ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлеуге әкеп соғады. Ал енді қылмысқа барған білімалушыларға өзгеге дене жарақатын жеткізу, өзгенің мүлкін ұрлау, қорқыту тағы да басқа қылмыстық іс-әрекеттері үшін қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екендігін ескертті. Баяндамасын қорытындылай келе Н.Шынаев колледж қабырғасында немесе колледжден тыс жерде заңсыз көшбасшы, қылмысқа бейім колледж білімалушылары немесе басқа да тұлғалардың тарапынан ақша жинау, қорқытып тонау және басқа да заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда жасөспірімдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында мобильді топ құрылғанын айтты. Сөзін қорытындылай келе Нұржігіт Нұрамағанбетұлы студентерге арнайы психологиялық зерттеуден өткізіліп тәрбиесінде, мінез-құлқында ауытқуы бар балалар анықталмағанын айта келе, білімалушыларды сабақтан тыс уақытта колледжде ұйымдастырылған спорт, өнер үйірмелеріне және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырды.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры Б.Құрманқұлов «Жолда жүру ережелері» тақырыбында баяндама жасады. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс. Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Колледжге келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл.
4. Жолаяқпен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машинаның есігі ашып қалуы мүмкін.
Келес АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы Т.Садыров барша жастарды жаман әдеттер мен құқық бұзушылықтан, қылмыстан аулақ болуға шақырды.
Күн тәртібіндегі түрлі мәселелер бойынша сөз сөйлеген колледжінің колледждің жастар істері бойынша инспекторы Е.Мамбетов қазіргі уақытта жалпы колледж студентері мен жасөспірімдер арасында түнгі мезгілде жүру фактілері жиілеп, төбелес, ұрлық сияқты қылмыстар көбейіп тұрғанын айтты. Сондықтан осындай жағдайларды болдырмау үшін прокуратура, колледж және ата-аналар бірлесе жұмыс жасап жатыр. Ол колледж директорының бұйрығына сәйкес колледжге кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, анықтау және болдырмау, түрлі тәртіпсіздіктерді түпкілікті жою мақсатында мобильді топ құрылғанын хабарлады.
Жиналысты қорытындылаған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Шынаев қазіргі кезде колледжде мобильді топ құрылып, жұмыс жасап жатқанын және оның балалар көп шоғырланатын жерлерде (ойынхана, кафе, саябақ) кесте бойынша рейдтер жүргізіп жатқандығын жеткізіп, білімалушыларға сабақты жақсы оқу, ата-ананың айтқанын орындау және құқық бұзушылыққа бармау жөнінде бірқатар мәселелерді айтып өтті.