2024 жылы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев – Халыққа жолдауында, қоғамның маңызды бір міндеті – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу туралы тапсырмасының орындалу және «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай №13 колледжде «Нашақорлыққа жол жоқ» атты семинар өтті. Аталған шарада колледж медбикесі Серікбаева Қыздығой есірткі қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі екенін атап өтіп, онымен күреске бағытталған жұмыстардың барысы туралы баяндады. Есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу маңызды міндет екенін айтып, «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы бейнеролик көрсетілді. Бейнебаянда жастарға есірткіге тәуелді болмау қажеттігі, оның денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, соңы қайғылы жағдаймен аяқталатыны көрсетілді. Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз ойларын білдіріп, студенттермен пікір алмасты.