Жарияланған 21 October 2024

«Діни экстремизмнің алдын-алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу» атты рухани- танымдық сабақ.

Жастарды дәстүрлі емес ағымдағы ұйымдардан қорғау мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Асхат Дүйсен «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу» атты рухани- танымдық сабақ өткізді. Рухани-танымдық сабаққа І - ІІ курс студенттері қатысты.
Сабақ барысында студенттерге сан түрлі жат ағымнан сақтануға, ата-ананы қадірлеу, салт дәстүрімізді ардақтау туралы, имандылық туралы айтылды. Көшеде кезіккен уағызшылармен сөйлеспеу, діни ағым туралы оқулықтар ұсынса алудан бас тарту, дін туралы ойларыңды ашық танымайтын ортада айтпау туралы ескертілді. Дін туралы кеңес алу керек болса алдын ала ата-ана, ағайындарыңызбен ақылдасқан жөн. Біз зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен, зайырлы қоғамның дәстүрі бар екенін ұмытпауымыз керек. Халық дәстүрін жас ұрпақтың жүрегіне ұялату, санасына жеткізу бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектердің парызы.
Сабақ барысында көптеген құнды мәліметтер берілді. Студенттерге рухани тәрбие, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы айтылды. Сұрақ туындаған сәттерде жауабын ғаламтордан іздемеуге шақырды.