Жарияланған 21 October 2024

«Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты студенттер қатарына қабылдау және танысу кеші

№13 колледжде білім алушыларға жақсы көңіл күй сыйлау арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу мақсатында «Студенттік өмір – жарқын сәттер кезеңі» атты студенттер қатарына қабылдау және танысу кеші өткізілді. Іс-шараны колледж басшысы Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашып беріп, жастарға ізгі тілектерін айтып, жаңадан қабылданған студенттерге студенттік билеттер табыстады. "SAMRUK" өзін-өзі басқару ұйымы белсенділері, 1 курс студенттеріне көңілді концерттік бағдарлама ұсынды. Қызықты кеш жастардың әсем әндері мен қалықтаған тамаша биіне ұласып, қызықты бейнеролик пен керемет көрініс қойылды.